Қоғам • 26 Қаңтар, 2024

Жер сілкінісіне қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтады. Құзырлы орган оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісіне қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

Фото: Inbusiness.kz

Полиция департаменті 29 жастағы Ж. есімді әйел күдікке ілінгенін хабарлады. Ол мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болатынын жазып елді дүрліктірген.

Келіншек кінәлі деп танылса ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенулеріңізді сұраймын», деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.