Теннис • 18 Наурыз, 2024

Жапонияға қарсы ойнайды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның теннисшілері 12-13 сәуір аралығында Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу турнирінде Жапония құрамасымен шеберлік байқасады.

Жапонияға қарсы ойнайды

Таяуда ғана команда капитаны болып тағайындалған Юрий Шукин осы маңызды кездесуде Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағандыковаға сенім арттып отыр. Олардың алғашқы үшеуі талай дүрмекте ысылған сақа спортшылар болса, Жібек пен Аружан – жалындап өсіп келе жатқан жас буын өкілдері. Бұл бәсекелер Токиодағы Ariake Coliseum аренасында өтеді.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина қазіргі кезде Париж Олимпиа­дасына тыңғылықты дайындалып жатыр. Сондықтан да әлемнің төртінші ракеткасы Жапониядағы жарыстан босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025