Спорт • 24 Наурыз, 2024

Қазақ семсершілері Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ семсершілері Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды.

Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 

Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша, алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттік қатарында Парижге бару мүмкіндігін алған соң, Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан болатын. 

Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сында бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37