Білім • 25 Наурыз, 2024

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа көшті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа көшті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада биыл алғаш рет бірден 7 өңірде өтеді. Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт:

17-21 наурыз - Астана қ. физика, математика;
24-28 наурыз - Алматы қ. информатика, география;
27-31 наурыз - Павлодар қ. химия, биология.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

1-5 сәуір - Қостанай қ. орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
7-11 сәуір - Атырау қ. қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
14-18 сәуір - Өскемен қ. Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;
20-24 сәуір - Петропавл қ. ағылшын, неміс және француз тілдері.

Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынайды.

Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38