Қазақстан • 03 Сәуір, 2024

Қарғын судан зардап шеккен шаруалардың несиесі 3 жылға шегеруі мүмкін

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның бірқатар өңірінде болған су тасқынының зардаптарын өтеу мақсатында бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарғын судан зардап шеккен шаруалардың несиесі 3 жылға шегеруі мүмкін

Фото: ТЖМ

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың айтуынша, Алтайда қар енді ғана ери бастағандықтан, қауіп сейілді деуге әлі ерте. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында су тасқыны қаупі әлі де сақталып отыр.

Сондай-ақ депутат Мақсат Толықбай су тасқынан зардап шеккен өңірлерді азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және жем-шөппен қамтамасыз ету керектігін алға тартты.

«Марқакөл мен Қатонқарағайда 2 метр қар жауып жатқанын қаперден шығармаңыздар. Торғайда не болып жатқанын көрдіңіздер. Тұрғындар жүретін жалғыз жолды су басып қалды. Тек тікұшақпен және үлкен техникамен қозғалуға болады. Сондықтан осы өңірлерді қажетті азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, жем-шөппен қамтамасыз етуді жіті назарда ұстау керек», дейді депутат.

Осы орайда Мақсат Толықбай бірнеше ұсыныс айтты:

  • жасанды каналдар жасау, аса қауіпті аймақтарда су қоймаларын салу қажет. Сондай-ақ таудан ағатын ірі және трансшекаралық өзендер қар мен жаңбыр суынан асып кетпеуі үшін сорғыларды жылжыту керек;
  • төтенше жағдай жарияланған аймақтарда еңбек ететін шаруалар үшін жеңілдік қарастыру керек, дәлірек айтқанда ауыл шаруашылығы несиелерін өтеуді үш жылға шегерсек болады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті