Таным • 03 Сәуір, 2024

Көкөністер де көрші таңдайды

74 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы Қоян жылының қысы қанша жерден қысса да, көктемнен жеңіліп, күн көзімен қоса, бақ­шадағы жұмыстар да қызып келеді. Алайда қандай шаруаны қолға алсаң да, ақыл мен тәжі­рибеге сүйенгенге не жетсін?

Көкөністер де көрші таңдайды

Мәселен, көршім екеуміз қарақаттың бірдей сұрыбын бірдей топыраққа, бір мезгілде қатар еккенбіз. Ең қызығы, оның қарақаты қалың жеміс берді де, біздікі жарытпады. Себебі көршілеріміз қарақат гүлдеген кезде жақсы тозаңдану үшін көшеттерге бал араласқан су сеуіп қойыпты. Қалған жұмысты балға үймелеген аралар атқарған. Сол сияқты бау-бақшаның басқа да құпиялары мен «қитұрқылықтары» көп.

Мысалы, бірімен-бірі басы піспейтін, біріне-бірі күн көр­сетпейтін көшеттер бар. Сол сияқты көкөністер де көрші таңдайды. Нақтылай түссек, тәжірибелі диқандар жүгері, бұршақ, асқабақ үшеуінің тамаша трио екенін жақсы бі­леді. Бұл үшеуінің дос екенін үндістер де білген. Жүгері бұршаққа сүйеніп өссе, асқабақ оларды азотпен байытып, арам шөптерді жолатпайды.

Мәселен, пияз бен сәбізді қатар отыр­ғызса, пияз исімен сәбізге зиянкестерді жақын­дат­пайтын, инсектицидтік, фун­гицидтік қасиеттерге ие аллицин затын бөліп тұрады.

Ал қызанақ пен райхан салатта ғана емес, бақшада да үйлесім табады. Өйткені екеуіне де бірдей топы­рақ қажет, бірдей суарып отыруға болады. Одан да бөлек, қызанақ кеміретін құрттар рай­ханның исін жақтырмайтындықтан, жо­лай қоймайды. Нағыз бағ­бандар райханмен қатар өскен қызанақтардың дәмі де, исі де жақсы болатынын бұрыннан біледі.

Айтқандай, жасыл бұршақ, тәтті бұрыш пен баялды тұ­қым­дас бол­ған­­дықтан, күтім­дері бірдей, қатар отыр­ғызуға болады, бұршақтың баялдыны Колорадо қоңызынан қорғай алатын қасиеті бар.

 

АЛМАТЫ