Елорда • 04 Сәуір, 2024

Елордалық ҚХА су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жіберді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық ҚХА су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жіберді

Фото: Астана әкімдігі

Гуманитарлық көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке күтім, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды.

Гуманитарлық көмек жинау және жеткізу жұмыстарын Хасан Шариповтың төрағалығымен құрылған қалалық штаб атқарып жатыр.

щ

«Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтардың атынан су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетеміз. Өңірлерде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін біз гуманитарлық көмек жинадық», деп атап өтті қалалық штаб төрағасы және ҚХА мүшесі Хасан Шарипов.

ш

Аталған акцияға елорда тұрғындары, ҚХА жастар қанатының еріктілері мен меценаттар қатысты. Сондай-ақ азық-түлік жеткізген «Астана» балалар футбол клубының мүшелері көмекке маңызды үлес қосты.

Қазіргі уақытта қала Ассамблеясының мүшелері мен еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 5 млн 200 теңгеге көмек көрсетті.

ш