Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Атырау облысында екі аудан аралығындағы жолды су басты

825 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан Атырауға қатынайтын жолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында екі аудан аралығындағы жолды су басты

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Құлсарыдан Доссор кентіне дейінгі жол аралықта көлік қозғалысы тоқтатылған.

«Атырау облысының аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103-шақырымы тұсын су басты. Бұл – Құлсары қаласынан 20 шақырымдағы тұс. Сол себептен, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан Мақат ауданындағы Доссор кенті аралығындағы жолда көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жол қалыпқа келгенге дейін бұл бағытта жолға шықпау қажет», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.