Мирас • 04 Сәуір, 2024

«Шежірелер жинағын» Ұлттық қорға тапсырды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры жақында бірқатар көне мұрамен толық­қанын мәлімдеді Ұлттық орталық қыз­мет­керлері. Мажарстан универ­ситетінің докторанты, болашақ тарихшы, этнограф Назира Әбді­на­сырқызы Ұлттық орталық қорына атасының жеке қорында сақталған кітап­тарын тарту етті.

«Шежірелер жинағын» Ұлттық қорға тапсырды

Табысталған әде­­­биет­­­­тер ішін­де­­ Шы­ғыс ша­­­йыр­ларының бірегейі са­на­­латын өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науаидың шығар­малары, Шығыс әдебиетінің жауһарына жататын Физу­лидің «Ләйлі мен Мәжнүн» поэмасы, КСРО Ғылым академиясы баспасы 1952 жылы шығарған түркі және моңғол тай­палары туралы әңгімелердің қысқаша мазмұны берілген Рашид-ад-диннің «Шежірелер жинағы» еңбегі, академик Василий Бартольдтің 1966 жылы жарық көрген шығармаларының IV томы (онда археология, нумизматика, эпиграфия және этно­графиялық дүниелер топ­­тас­тырылған), сондай-ақ ислам­ның пайда болуынан бас­тап бүгінге дейінгі негізгі мұсылман әулеттеріне шолу жасалып, халифалар, сұлтандар, билеушілер тізімі, билік еткен жылдары көрсетілген Клаф­форд Эдмунд Босворттың «Мұсылман әулеттері. Хро­­­нология және шежіре анықтамалығы» және басқа да сирек кітаптары бар.

Бұл кітаптар 1930 жылы Түр­кіс­тан облысының Балтакөл ау­лында дү­ние­ге келген Әбді­насыр Се­йіт­­­жановтың жеке қоры­нан алынды. 1987 жылы 57 ­жа­­­сында Ташкенттегі әмбебап кі­тап­­ханада дүниеден өткен ол 70-тен астам қолжазбалар мен­ шы­ғыстану бо­йынша 1300-ге жуық кітап жинаған екен.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15