Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Қаратомардан жіберілген судың көлемі азайып келеді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаратомар су қоймасы 7 сәуірден бері транзиттік режімде жұмыс істеп жатыр. Яғни, су қоймасына қанша су келіп құйылады, сонша судың бәрі сол сәтте-ақ бері қарай жіберіліп жатыр.

Қаратомардан жіберілген судың көлемі азайып келеді

Сәуірдің 6-нан 7-сіне қараған түні Қаратомардан су жіберу секундына 3300 текше метрге дейін жеткен. Бүгіннен бастап бірте-бірте судың беті қайта бастайтын сияқты. Өйткені мамандар қоймадан жіберіліп жатқан судың мөлшері 400 м³/с-қа дейін кемігенін хабарлады.

«8 сәуір сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қаратомар су қоймасынан су жіберу секундына 2900 текше метрге дейін азайды. Сондай-ақ су қарқыны да секундына 2625 текше метрге дейін бәсеңдеді», деп мәлімдеді жедел штаб.

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр.

                 

Қостанай облысы