Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Қостанай облысында 275 үй су астында қалды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынының салдарынан Қостанай, Қарасу, Федоров, Б.Майлин аудандары мен Қостанай қаласында 275 үй су астында қалды.

Қостанай облысында 275 үй су астында қалды

Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар су қоймалары мамандардың бақылауында.

«Тобыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және елді мекендерді су басу қаупіне байланысты өткен демалыс күндері бар күш Қостанай қаласы мен Қостанай ауданына жұмылдырылды. Осы ретте еріген суды бұру үшін арық дайындау, инертті материалдар салынған қаптарды төсеу, суды сору, жағалауларды нығайту сияқты жұмыстар жүзеге асырылды. Су тасқыны кезеңінде шамамен 774 822 мың м3 еріген қар суы сорылып, 74 299 мыңнан астам қап  және 7265 тонна инертті материал төселді.

8878 адам, оның ішінде 11 мүмкіндігі шектеулі адам және 1765 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 464 адам, оның ішінде 123 бала уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды», деп хабарлады облыстық жедел штаб өкілдері.

Федоров, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Б.Майлин, Қостанай аудандарында еріген қар суын сору, қап төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар нәтижесінде Б.Майлин ауданының тұрғындары үйлеріне қайта оралды.

Облыста 135 эвакуациялық пункт бар, олар су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша баспанамен, тамақпен, медициналық көмекпен және қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етеді.

Еріктілер мен қала тұрғындары су тасқынына қарсы күресте тәулік бойы жұмыс істеп, айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр. Волонтерлер коммуналдық қызмет жұмысшыларын, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерін ыстық тамақпен, шаймен қамтамасыз етіп жатыр.

 

Қостанай облысы