Дін • 08 Сәуір, 2024

Атырау облысында діни экстремизмнің алдын алу бойынша семинар өтті

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Атырау облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтті.

Атырау облысында діни экстремизмнің алдын алу бойынша семинар өтті

2024 жылдың 3-4 сәуірінде Атырау қаласындағы «Ақ Желкен» орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Іс-шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология және педагогика маманы Туйғанов Мырзабек Сардарбекұлы және дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан Қонырбайұлы семинар оқыды.

Мырзабек Туйғанов «Деструктивті діни идеологияларға қарсы тұрудағы дәлелдеу әдістері» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ «Жастарды деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу нысандары мен әдістері» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

г

Дәлелхан Оспанов «Рухани адамгершілік құндылықтарды идеологияға айналдыру» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ «Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, мәнді жауаптар алынды.

ш