Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Тағы бір өңірде төтенше жағдай жарияланды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы әкімдік Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Тағы бір өңірде төтенше жағдай жарияланды

Фото: БҚО ТЖД

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді ТЖ жою басшысы етіп тағайындаймын», делінген аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновтің шешімінде.

8 сәуірге қараған түні Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының алты ауданында ТЖ режимі енгізілгені белгілі болды.