Қоғам • 09 Сәуір, 2024

«Qarmet» шахталарды цифрландырады

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qarmet» компаниясының барлық көмір шахтасында өндіріс үдерістерін нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік беретін DMMS цифрлық платформасы орнатылады. Бұл Мемлекет бас­шы­сы­ның экономиканы әрта­рап­тан­дыру бағытында барлық жүйені цифрландыру керек деген тапсырмасымен үйлеседі.

«Qarmet»  шахталарды цифрландырады

Фото: qaz365.kz

Жаңа цифрлық платформа арқылы шахталарда қызметкерлер мен техни­каның қозғалысына мониторинг жүр­гізіледі, қауіпті аймақтардағы кен­ші­лер­дің орналасқан жерін қадағалайды, адам­дардың құлау немесе қозғалмау жағдайларын анықтайды, газ датчиктерін бақылайды. Сонымен бірге сейсмомониторинг жүргізу және барлық шахтаның орталық диспетчерлік жүйесін басқару, оның ішінде диспетчермен жедел байланысу қарастырылады.

Компания 15 сәуірден барлық шахтада жаңа цифрлық платформаны, сондай-ақ тау-кен басқармасында бірегей орталық диспетчерлік пунктті енгізуді бастайды. Жұмыстарды «Qarmet» компаниясы өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйым­дас­тыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелер шеңберінде жоспарлап отыр. Жұмыстар биыл аяқталады деп күті­­леді.

Цифрлық платформаны жеткізуші – отандық «AG TЕСН» компаниясы. Жүйе қазір­дің өзінде әлем бойынша 800 шах­тада қолданылады. Еліміз бойын­ша 30 шахтада қолданыста. DMMS елі­міздің өнер­кәсіптік қауіпсіздік тұ­жы­рым­дама­сына енгізілген және жүйе­ні Төтенше жағдайлар министрлігі мақұл­даған.

Бүгінде позициялау жүйесі Qarmet көмір департаментінің сегіз шахтасының екеуінде орнатылған.

 

Қарағанды облысы