Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Батыс Қазақстанда 33 шақырым бөгет тұрғызылды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмасына сәйкес бірнеше күннен бері Батыс Қазақстан облысында жүрген Премьер-министрдің орынбасары Н.Байбазаров пен өңір басшысы Н.Төреғалиев облыстың су басқан аймақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда 33 шақырым бөгет тұрғызылды

Қазір өңірде су тасқынының күтілетін екінші толқыны – трансшекаралық өзендердің тасуына қарсы дайындық қызу жүріп жатыр. 9 сәуірдегі жағдай бойынша 33 шақырымнан астам уақытша бөгет тұрғызылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Соңғы деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 1155 тұрғын үй су астында қалып, 732 үйге тұрғындары қайта оралған.

«Өңірде 408 үйде адам тұрмайды. Ал 15 үйдің иесі жоқ», дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев.

п

Осы кезге дейін өңірдегі автомобиль жолдарының 65 бөлігінде су толып, жол төсемі шайылған. Облыстың екі ауданындағы 9 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып тұр. Бірақ бұл елді мекендерде азық-түлік және тұрмыстық заттар қоры жеткілікті.

«Өңірде үш әуе кемесі дайын тұр. Олар қажет болған жағдайда авариялық-құтқару жұмысын жүргізуге, сондай-ақ гуманитарлық көмекті жеткізуді жүзеге асырады», деді Руслан Қасыбаев.

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша, Ресейдің Орынбор облысы тарапынан келе жатқан мол су Батыс Қазақстан облысына сәуірдің 15-інен бастап келмек.

р

 

Батыс Қазақстан облысы