Аймақтар • 13 Сәуір, 2024

Қостанай облысы Оралға техника жіберді

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Орал қаласына көмек көрсету үшін жиырма шақты арнайы техника жіберді.

Қостанай облысы Оралға техника жіберді

Н.Құлабаев.

«Бүгін 13 сәуірде Қостанай, Рудный және Лисаков қалаларынан 10 жүк көлігі, 9 жүк тиегіш және 1 экскаватор жіберілді. Аталған техника құралдары Рудный, Лисаков қалалары мен Наурызым ауданы әкімдіктерінің бастамасымен, сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром», «ВАН», «Арвис», «АБЗ+», «СтройЭлитДом» серіктестіктерінің қолдауымен жолға шықты», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Арнайы техникалар су жағалауларын нығайту, кәріздерді тазарту және бөгеттерді мықтау жұмыстарын атқаратын болады.