Сенат • 15 Сәуір, 2024

Су басқан ауыл тұрғындарын залалды бағалау жөніндегі комиссияға енгізу ұсынылды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында Бескөл, Тепличное, Мичурино ауылдарының, сондай-ақ Петропавл қаласындағы Кожевенный, Заречное, Подгорное шағын аудандарында эвакуацияланған тұрғындармен кездесті, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су басқан ауыл тұрғындарын залалды бағалау жөніндегі комиссияға енгізу ұсынылды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Депутаттың айтуынша, эвакуацияланған тұрғындар тасқын салдарынан келген залал үшін өтемақы қашан және қалай алатыны туралы мәселені көтеріп отыр.

«Зардап шеккендерге 100-ден 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде біржолғы төлемдер төленетін болады. Бұл мақсатқа 85 млн теңге бөлінді. Қазір біз қоғам белсенділері мен тұрғындардың келген зиянды анықтау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуы туралы ұсыныстар алып отырмыз. Біз, әрине, ауылдар мен кенттердің белсенді тұрғындарын осы комиссияларға міндетті түрде қосуды өтінеміз», деді сенатор.

Депутат бұдан әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өтелетін залалды есептеу жүргізілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15