Дін мен дәстүр. Қазақтың болмысымен біте қайнасқан бұл екі қастерлі ұғым қадым замандағы қилы зауалдарға қарсы тұрған, халықты бірлікке, тұтастық пен татулыққа бағыттаған рухани құндылық. Алла тағала қасиетті Құранның Ағраф сүресінде: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет...» депті.
Таяуда Астана қаласындағы Ұлттық сурет галереясында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты рухани кеш өтті. Қасиетті Құран сүрелерімен ашылған кешті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастап, биылғы жылда атқарылған іс-шараларға кеңінен тоқталды. «Дін мен дәстүр жылы» деп жарияланған биылғы жылдың қорытынды кешіне қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, облыс имамдары мен дінтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қазір ұлттық табиғатымызбен сабақтас асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу басты бағыт болып тұр. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосу болып табылады.
Бағдарлама аясында, бейне таспа, терме, қойылым, айтыс, дәстүрлі ән мен күй рәсімдері өтті. Әр кезеңнің өз белесі мен елеулі оқиғалары болатындай, діни сала үшін де 2014 жыл тарихи оқиғаларға толы болды. Қысқаша тоқталар болсақ, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанаға қоныс аударды. Жыл басында дін саласындағы уәкілетті орган мен ҚМБД-ның арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы қабылданған. Египет пен Түркияның діни басқармаларымен, Мәскеу қаласындағы Ислам университетімен жасалған уағдаластың шеңберінде еліміздің 64 имамы аталған елдерде білімін жетілдіру үстінде екен. Республика бойынша мешіттер жанындағы сауат ашу курстарында 22 592 адам діни білім алыпты. Дін қызметкерлері 1млн. 168 мыңнан астам тұрғындарымызға дін жайында халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берген. Өзекті діни мәселелер бойынша, соның ішінде «тәкфіршілер», «хижрат», «жиһад» ұғымдары және қазіргі заман туралы 23 пәтуа шығарылыпты. Сондай-ақ, Қасиетті Рамазан айында 17 280 тұрмысы төмен отбасына қайырымдылық көмек, 480 рухани шаралар өткізіліпті.
Кеш соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ерен еңбегімен танылып, осы саланың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Алғыс хат» табыстап, арнайы марапаттау рәсімін өткізді. Қысқасы, мұндай игілікті іс-шаралар болашақта да жалғасын таба бермек.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22