Таяуда белгілі спорт журналисі Қайрат Әбілдиновтің «Ағайынды Байшолақовтар» атты кітабы Алматыдағы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің баспаханасынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша төрт мың дана тиражбен жарық көрді.
Жалпы, Қайрат Әбілдиновтің есімі спорт тақырыбындағы дүниелерді іздеп оқитын ағайынға жақсы таныс. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы спорт журналистері арасындағы сыйлықтың лауреаты. Бүгінгі күнде Спорт және дене тәрбиесі істері комитетінде баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет ететін қаламгердің бұдан бұрын таза спорт тақырыбына арналған «Дәулет қоры: қарыз бен парыз», «Ел намысы бір кеудеге сыйған ба», «Алға, «Шахтер!» атты кітаптары жарыққа шығып, оқырманынан лайықты баға алған болатын.
Біз әңгіме қылып отырған туындының аты айтып тұрғандай кітапқа самбо күресі бойынша қазаққа олжа салған ағайындылар – Қанат, Талғат, Жанат, Жасұлан және Жандостың өміртарихы, олардың үлкен спортта бастан кешкен қилы-қилы оқиғалары жүк болған. Бояуы әлі кеуіп үлгермеген бұл кітаптың бір ерекшелігі шығарма орыс тіліне аударылып, қазақшасымен бірге оқырманға ұсынылған.
Кітаптың ұзына бойында автор «Қазақ спортына ағайынды Байшолақовтардың қандай еңбегі сіңді?» деген сұраққа жауап іздейді... Жалпы, жұрттың көбі Байшолақовтарды балуан деп танығанмен, олардың үлкен спорттан кейін бапкерлік қызметпен айналысып, толайым табыстарға қол жеткізгенін біле де бермейді. Мысалы, самбодан әлем чемпионы Қанаттың, Әлем кубогының иегерлері Талғат пен Жанаттың «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атақтары бар. Қанат марқұм дзюдодан Қазақстан құрама командасының, қыздар құрамасының аға бапкері болды. Талғат болса Максим Раков пен Ислам Бозбаев сынды атақты дзюдошыларымыздың жаттықтырушысы. Қарағандыда «Еңбек» деп аталатын спорт кешенін салған, кейінгі кезде меценат ретінде де көзге түсіп жүрген азамат. Ал Жанат самбодан жастар арасындағы екі бірдей әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған білікті бапкер, педагогика ғылымдарының кандидаты. Қазіргі таңда Қарағандыдағы Олимпиадалық резерв даярлайтын орталықтың директоры болып қызмет етеді. Байшолақовтардың төртіншісі Жасұланның өзі Келбет Нұрғазина сынды жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионының жеке бапкері болды...
Кітап негізінен үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Ұшқан ұяда» ағайынды балуандардың ата-тегі, туған топырағы, өскен ортасы туралы мол мағлұмат қамтылған. Мысалы, Байшолақовтардың атасы Ашубай деген кісі тың игеру кезінде Ақмола облысында тұрған. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары ғана атамекен Жаңаарқаға атбасын бұрған. Яғни, Қанат пен Талғат Ақмола жерінде дүниеге келген екен. Ал ағайындылардың қалғаны Жанат, Жасұлан және Жандостың кіндік қаны Жаңаарқа топырағына тамыпты.
Кітапта ағайынды Байшолақовтар түлеп ұшқан «Жас сұңқар» спорт мектебі мен балуандардың алғашқы бапкерлері туралы да мол ақпар бар. Бота тірсек бозбалалардан әлемдік деңгейде күрескен балуандар шығарған Диқанбай Биткөзов пен Марат Жақитовтың ерен еңбегі де автор назарынан тыс қалмаған.
Екінші бөлім «Қырандар ұшар биік» деп аталады. Мұнда автор бес ағайынды балуанға жеке-жеке тоқталып, олардың дүниеге келген сәтінен бастап бүгінгі тыныс-тірлігіне дейін егжей-тегжей баяндайды.
Ал соңғы «Қалдың сен бүкіл елдің жүрегінде» деген бөлімде автор қазақтың қыран тектес ұлы Қанат Байшолақовпен көзі тірісінде аралас-құралас болған жандардың жүрекжарды естеліктерін топтастырған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».
• 01 Қаңтар, 2015
«Ағайынды байшолақовтар» – спорттық әдебиетке қосылған сүбелі үлес

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22