Қоғам • 16 Сәуір, 2024

Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылған. Бүгінгі күнге дейін 62 мектептің 37-сі іске қосылып, оқушылардың пайдалануына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады

фото: ашық дереккөзден

Білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде өңірлерде 48 мың жаңа оқушы орны пайда болды. Көпшілігі ірі мегаполистерде және оларға жақын агломерацияларда орналасқан.

«Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Қордың қызметі мектептер, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернаттар салу, реконструкциялау арқылы үш ауысымды, апатты мектептер мен оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға бағытталған. Мәселен, осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарланып отыр», деді инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының м.а. Марлен Қасенов.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шамамен 15 мың орындық тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды.