Ауа райы • 17 Сәуір, 2024

Бүгін елдің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін елдің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

фото: qazaly.kz

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.