Өткен 2014 жыл Қазақ елі үшін өте табысты да жемісті жыл болды. Ғылым саласында, экономикада, өнер мен мәдениет, спорт саласында Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді. Медициналық жаңалықтар мен ел экономикасына инновация тарту ісінде де ауыз толтырып айтарлықтай елеулі жетістіктеріміз бар. Спорт саласында саңлақ ұлдарымыз Қазақ елін әлемнің дамыған елдерінің алдына шығарды, Көк туымызды биік желбіретіп, халқымыздың рухын аспандатты. Әлемдік экономикадағы дағдарыстар мен қиыншылықтарға қарамастан, бізде халықтың әлеуметтік жағдайында тұрақтылық байқалып, біршама өсу мен даму үрдісі қалыптасты.
Өткен жылдағы ең маңызды жаңалықтың бірі – еліміз Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына мұрындық болып, мемлекеттің дамуы үшін жаңа мүмкіндік ашатын осы әріптестік одаққа мүше болды. Одан өзге Ресей секілді тағы бір алып ел, Құдай қосқан қоңсымыз Қытай бар, ол елмен де саяси-экономикалық тұрғыдан тең болу үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымы дейтін ұйымда бірлесіп отырмыз. Ендігі бір тілек, бір үміт – кіндік Азиядағы түркітектес ұлттармен осы секілді ауқымды одақ құрып, қоян-қолтық қатынаста болсақ деген ниет бар. Бұл жөнінде де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық жиындарда да, жалпы мемлекетаралық басқосуларда да үнемі айтып жүр.
Қазақстан Президенті мемлекетімізді көпвекторлы саясат ұстанатын сара жолға салғаны мәлім. Ол кісінің кемеңгер саясаткер екендігін бүгінде бүкіл әлем мойындаған. Сондай сарабдал саясаткерлігінің арқасында Қазақстанды дүниенің төрт тарабымен бейбіт ел ретінде араластырып, өз Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап келеді.
Биылғы жылдан да күтеріміз көп. Жалпы, ғылым деген ел мен елді, ұлт пен ұлтты жақындастыратын, бейбітшіліктің сақталуына қызмет ететін құрал. Әрбір елдің ғылымында сол елдің зиялы қауымы алдыңғы лекте болады. Сондықтан да ғылыми тұрғыдан қарым-қатынас жасалғандықтан, сол ғалымдардың байланысы арқылы мемлекетаралық татулық та беки түседі. Бізде Тәуелсіздік алғалы бері отандық ғылым саласына ерекше көңіл бөлініп, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған әрбір Жолдауында халқымызды білімге, ғылымға, еңбекке шақырудан танбай келеді.
Елбасының Қазақстан ғылымын дамытуға деген ыстық ықыласының бір айғағы, бізде ғылымға бөлінген қаржы 50 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл дегеніңіз Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 0,20-0,25 пайызын құрайды. Міне, еншісі бөлек ел ретінде Кіндік Азиядағы өзге мемлекеттердің жалпысын қосқанда біздің ғылымға бөлінген қаржымыздың жартысына да жетпейді. Өмірдің өзі қалыптастырған аксиомаға сүйенсек – «ғылымсыз мемлекет өспейді, ісі өрге баспайды».
Осы айтылған ойға орай, алдағы жылда отандық ғылым саласында адамзат игілігіне жарайтын соны жаңалықтар ашылып, ел ғалымдары тағы бір биікке көтеріледі деп сенемін. Өткен жылдың табысы биылғы жылға жұғысты болсын. Берекесі мен дәулеті артқан ел ретінде еліміздің экономикасы бұдан да жақсарып, отандық ғылым жаңа бір белеске шығады, халқымыз соның игілігін, жемісін көреді деген тілектемін.
Мұрат ЖҰРЫНОВ,
Ұлттық Ғылым академиясының
президенті, академик.
АЛМАТЫ.

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35