Спорт • 17 Сәуір, 2024

UFC рейтингі. Шавкат Рахмонов нешінші орында?

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ultimate Fighting Championship (UFC) әр салмақ дәрежесі бойынша көрсеткіштерді жаңартты. Рейтингтің жаңартылған нұсқасында отандасымыз Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz,

UFC рейтингі. Шавкат Рахмонов нешінші орында?

Фото: allboxing.ru

Nomad бақ сынайтын салмақ дәрежесінде айтулы өзгеріс байқалмады. Рrosports.kz хабарлағандай, орта салмақтың чемпионы - Леон Эдвардс. 

Бірінші орынға Камару Усман жайғасса, екінші орын Белал Мухаммедке тиесілі. Жерлесіміз Шавкат Рахмонов - үшінші орында.

Ал жеңіл салмақта көрсеткіштер біршама өзгерді. Өткен демалыс күндері бразилиялық жекпе-жек шеберін жеңген ресейлік спортшы Арман Царукян 4-ші орыннан 1-орынға қарғыды.

Осы елдің тағы бір өкілі Ислам Махачев та көш бастады.