Төтенше жағдай • 18 Сәуір, 2024

“Тәттіге жұмсайтын ақшамызды Қазақ еліне жібереміз”: Моңғолиядағы қандас балалар көмек жинады

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tik-tok желісінде қазақстандықтарға жылу жинаған шетелдегі қандас балалардың жан тебірентерлік видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

“Тәттіге жұмсайтын ақшамызды Қазақ еліне жібереміз”: Моңғолиядағы қандас балалар көмек жинады

Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек келіп жатыр. Бірақ мынау көмек шынында ерекше болды. Моңғолиядағы қазақ балалары өздерінің күнделікті тәттіге деген ақшаларын Қазақстан халқына деп жинаған.

- Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі.

Бір үй аш болса, бүкіл ауыл аш. Бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш.

Сыныбымыздың және де мұғаліміміздің атынан қазақстандық достарымызға 200 мың тұғрық (Моңғолия валютасы) ұсынамыз, - дейді видеода балалар.

Сөз соңында оқушылар қазақ халқының ұйымшылдығын сөз етіп, барша Моңғолия азаматтарын Қазақстанға көмектесуге шақырады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024