Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Қырғызстанда төңкеріс жасағысы келген кәсіпкер ұсталды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның қауіпсіздік күштері мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен кәсіпкер Имамидин Ташовты ұстады. Ол қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтіп кеткеннен кейін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстанда төңкеріс жасағысы келген кәсіпкер ұсталды

Ташов 22 сәуір күні таңертең Шу облысы Панфилов ауданы Қайыңды ауылында ұсталды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Қазақстан шекарасынан заңсыз өтіп, Алматыдан Қара-Балтаға бет алғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, ол билікті басып алумен бірге халықты наразылық акциясына жинау үшін сол жерде уақытша штаб ұйымдастыруды жоспарлаған.

«Бұған дейін Қырғыз Республикасының азаматы, 1983 жылы 2 тамызда туған Ташов Имамидин Асамидинович билікті күштеп басып алуға және билікті асыра пайдалануға шақырғаны үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған еді», деп хабарлады Қырғыз Республикасының Мемлкеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.