Оқиға • 22 Сәуір, 2024

Бір тәулікте 2 бала суға батып, 3 бүлдіршін терезеден құлап кетті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 сәуір күні еліміздің бірнеше өңірінде 5 бала оқыс оқиғаға тап болды. Оның екеуі суға батса, үшеуі терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір тәулікте 2 бала суға батып, 3 бүлдіршін терезеден құлап кетті

Фото: all-rf.com

«Бір күннің ішінде 2 бала суға батып, үш бала терезеден құлап кетті. Балаларды су қоймаларының жанында жалғыз қалдырмаңыз, терезелерге қорғаныш құлыптар орнатыңыз. Олардың қауіпсіздігі өз қолымызда», деп жазды Динара Зәкиева.

Күн райы жылынып, осыған ұқсас жағдайлар жиілеген. Мәселен, 17 сәуірде Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен үш жасар сәби құласа, 20 сәуірде төрт жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Павлодарда сәби төртінші қабаттан құлады. Алайда оның ешбір жерінен сынық, жарақат байқалмаған.

Уәкіл балалардың қауіпсіздігін қорғау туралы заңға енгізілген түзетуде бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналарды жауапқа тарту көзделгенін еске салды.

пп