Аймақтар • 22 Сәуір, 2024

Оралда су тасқыны жағдайы ушығуы мүмкін - ТЖМ

1518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш аймақтағы ахуалды баяндады. Маманның айтуынша, өңірде су тасқыны бойынша жағдай күрделі, деп жазады Egemen.kz.

Оралда су тасқыны жағдайы ушығуы мүмкін - ТЖМ

Фото: zhaikpress.kz

Маман «Қазгидрометтің» мәліметіне сүйеніп, қазіргі су деңгейі 8 метр 62 сантиметрге жеткенін мәлімдеді. Жайықтағы шекті қауіп деңгейі – 8 метр 50 сантиметр. Қазір су мөлшері қауіпті деңгейден 12 сантиметрге асып кеткен.

Нұржан Төлеуіш аймақтағы күрделі кезең алдағы 25-26 сәуір күндері ушығуы мүмкін екенін айтты.

«Біздің облыс бойынша қауіптің беті әлі сейілмеді. Су деңгейі тағы көтеріледі деген болжам бар. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге дейін жетуі мүмкін», деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі.