Ауа райы • 23 Сәуір, 2024

Қазақстанда алдағы үш күнде 8 градус аяз болады

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда алдағы үш күнде 8 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК 23-25 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп, найзағай, жаңбыр күтіледі. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. Тек аптаның басында антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжануда.

Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20