Тағдырдың талайымен өзге мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың елге оралуын қамтамасыз етуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесіз емес. Мәселен, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында шет елдерде тұратын этностық қазақтардың арасынан 3,5 мыңға жуық отбасы Қазақстанға көшіп келіп қоныстанған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, қоғамымыздың күн тәртібіне шығарылған мән-маңызы жоғары, елдікке үндер жасампаз істердің бірі әрі бірегейі ретінде шетелдердегі қазақтарды елге шақырып, оларға мүмкіндігінше жағдай жасалынып отырғанын айтуға болады. Осынау көңіл тебірентер жұмыстардың мына өзгермелі, алмағайып заманда ештеңеге жалтақтамай, бауырын іздеп, қандасын түгелдеуге түбегейлі бет бұрған қазақ жұртының арман-тілегімен ұштасып жатқанын сезіне білгеніміз жөн.
Шеттегі қандастарымыздың қара шаңырақ – Қазақстанға келуі 2014 жылы да жалғасын тапты. Еліміз әлемді ойландырып, талайды тығырыққа тіреген қаржылық дағдарыстардан туындауы ықтимал жағдайларға алаңдамай, оралман қауымын бар мүмкіндігінше қарсы алды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі таратқан соңғы мәліметке қарағанда, былтыр шекара асып 3 347 (8 359 адам) оралман отбасы келіпті. Бұларды гендерлік құрамы бойынша көрсетер болсақ, ер-азаматтар – 3 438, әйелдер – 3 323, балалар – 1 598.
Бұдан бөлек, аталған министрліктің дерегінше, еңбекке жарамды адамдар – 4 768, зейнеткерлік жастағылар – 395 болып отыр. Осы арада назар аудара кетер жайт, елге келген оралмандардың арасында 368 адам жоғары білімді болса, 869-ы орта кәсіби білімі бар жандар, ал жалпы орта білімділері – 2 592.
Қазақ елге елдің қосылуын құтқа балаған. Ендеше, алыстағы ағайынның оралуын жақсылыққа жорып, мемлекетіміздің абыройын асырар осынау жасампаз істер құт-берекеміздің негізі бола берсін дейік.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше