Экология • 24 Сәуір, 2024

«Жасыл аймақ»: Жеңімпаздар анықталды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңірінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Тараз қаласында жалғасып жатыр. Тараздық жастар акция аясында 1200 көшет отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл аймақ»: Жеңімпаздар анықталды

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны Жамбыл облысы аумағында «Таза аула. Таза өлке. Таза Ел!» атауымен ұйымдастырылып жатыр. Акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деген атауға ие болған. Бұл аптада тараздықтар ағаш көшеттерін отырғызуды қолға алды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Қызылабад» алабында №11 аумақтың тұрғындары мен жастар арасында ағаш көшеттерін отырғызудан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары, №11 аумақтық округтің тұрғындарынан құралған командалар қатысып, жалпы саны 1200 қара ағаш екті.

Жеңімпаздарды анықтау үшін 7 адамнан құралған арнайы комиссия құрамы бекітіліп, егілген көшеттердің саны, ағаш отырғызуға арналған жердің дұрыс қазылуы мен көшеттердің қаншалықты дұрыс егілгенін зерделеді.

Жарыс қорытындысында І орынды Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы, ІІ орынды «Құмшағал жастары», ІІІ орынды облыстық «Әулиеата жастары» командасы иеленді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы диплом табысталды. Акция аясындағы жұмыс алдағы күндері жалғасын табады.

лл