АҚТӨБЕ. 6 қаңтар. Ақтөбе облысында жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына айрықша көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар қалалар мен ауылдық жерлерде оларға қолайлы жағдай туғызудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруда. Мысалы, Темір ауданында жақында жас кәсіпкерлер үшін өздерінің сауда үйі болады, олар сауда орындарын жалға алғаны және коммуналдық қызмет үшін ақы төлемейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тегін пайдалануға берілетін мұндай ғимаратты табуға және алуға Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Темір аудандық филиалының директоры Айдос Мырзағали көмектесті. Өткен жылы ақпан айында ашылған филиалға өз ісін ашуға талаптанған жастар жалдық төлемі арзандау бизнеске пайдаланатын ғимарат болса деген тілекпен жолыққан.
«Мен осы мәселені оң шешуге аудандық әкімдікке өтініш хат жолдадым. Аудан әкімі Бауыржан Қаниев босаған медицина мекемесінің бірінші қабатын кәсіпкерлерге ұсынды. Мұнда 11 жас кәсіпкер жұмыс істейтін болады. Жаңа жылдан бастап химиялық тазарту, тігін цехтары, тұрмыстық техника жөндеу шеберханасы мен дәріхана жұмыс істеуде. Сондай-ақ, болашақта екінші дәрежелі банк те өз қызметін ұсынатын болады», – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы Темір аудандық филиалының директоры Айдос Мырзағали.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: inform.kz.
• 06 Қаңтар, 2015
Ақтөбе кәсіпкерлеріне пайдалы бизнес-орталық ашылды

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35