Заң • 24 Сәуір, 2024

Қазақстанда тағы бір сот отырысы онлайн көрсетіледі

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот Қазақстандағы сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын әрі қарай жалғастырады. Бұл жолы Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырған ер адамға қатысты сот процесі онлайн көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда тағы бір сот отырысы онлайн көрсетіледі

Фото: Ашық дереккөзден

Сот отырысын онлайн өткізу шешіміне қоғам қызығушылығы негіз болған.

«Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі)», делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.

Сот отырысы Алматы қалалық ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді.

Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі. Трансляция сілтемесі Жоғарғы Соттың телеграм арнасына орналастырылады.

Еске салайық, өткен жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кеткен еді. Кейін полиция өкілдері жол-көлік апатына автобус жолаушысы кінәлі екенін анықтады. Ол қоғамдық көлік тізгінінде отырған әйелді ұрып, есінен тандырған. Апат салдарынан автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып, үш адам көз жұмды