Аймақтар • 24 Сәуір, 2024

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

фото: ernur.kz

Ведомствоның хабарлауынша, заңсыз әрекет «Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру барысында анықталған.

«Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасаған бірнеше азамат ұсталды», деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.

Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Өзге ақпарат жариялануға жатпайды.