Инфографика • 25 Сәуір, 2024

Ұлтымыздың саны 70%-дан асты

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 22 сәуірде халық саны жөнінде жаңа дерек жариялады. Онда еліміздің этностық құрамындағы ұлтымыздың саны осы жылдың басына қарай 70,98%-ға жеткені көрсетілген.

Ұлтымыздың саны 70%-дан асты

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Еліміздегі қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 мил­­лион адамнан асып, 2024 жылдың басында 14 220 000 адамға жетті. Осылайша, тәуел­­сіздік жылдарында еліміз­дегі қа­зақтар саны екі есе­дей өсті. Бұл ретте 1989 жыл­ғы Кеңес ода­ғындағы соңғы халық сана­ғының дерегі бойын­ша қазақтардың үлесі 39,7% болға­нын айта кеткен жөн.

Ұлттық статистика бюро­сының жақында жариялаған мәліметінде ел өңірлерін­дегі этностардың үлесі де көрсе­тілген. Мәселен, 5 өңірде қазақ­тардың үлесі 80%-дан асады: Астана – 81,63%, Ақтөбе облысында – 85,5%, Маңғыстау облысында – 91,46%, Атырау облысында – 93%, Қызылорда облысында – 96,2%. Тағы 8 өңірде қазақтардың саны елдегі орташа көрсеткіштен көп. Жалпы, орыстар басым этнос болып келетін Солтүстік Қазақстан облысынан басқа барлық өңірде қазақтардың саны көпшілікті құрайды.

Статистикада еліміздегі екінші көп этнос орыстар болып отыр. Олардың саны – 2 983 317 адам. Осы орайда орыс этносының үлесі бір жылда 15,18%-дан 14,89%-ға дейін қысқарғаны байқалды. Еліміздегі басқа славян этнос­тарымен қатар орыстардың саны да азайып келеді.

Үшінші ірі этностық топ – өзбектер. Олардың саны – 660 564 адам. Бұл – жалпы халықтың 3,3% үлесі. Осы көрсеткіш бір жылда 3,25%-дан өсті.

Саны бойынша төртінші орындағы украиндар 375,9 мың адамды құрайды. Олардың үлесі өткен жылдың басындағы 1,92%-дан 2024 жылдың басында 1,88%-ға дейін қысқарды.

Этностық құрамда бесінші орындағы ұйғырлардың саны 301,6 мыңға жетті. Ал басқа этностардың үлесіне келсек, немістер – 1,12%, татарлар – 1,11%, әзербайжандар – 0,76%, корейлер – 0,60%, түріктер – 0,45%, дүнгендер – 0,42%.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15