Қоғам • 26 Сәуір, 2024

Желіде блогерден қашқан прокурордың видеосы тарап жүр (видео)

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Қонаев қаласында блогерден қашқан прокурордың оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде блогерден қашқан прокурордың видеосы тарап жүр (видео)

«Тексеру қорытындысы бойынша, видеода бейнеленген прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп жауап берді Бас прокуратура Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерді де жауапқа тартуға шақырған еді.

«Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы», деп қосты Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қашып жүрген прокурордың видеосы тарап кеткен еді. Белгілі болғандай, видео Қонаев қаласында түсірілген. Бастапқыда видео авторына прокуратураның екі қызметкерінің темекі шегіп, күлді жерге сілкіп тастағаны ұнамаған. Артынша қызметкерлердің бірі ғимаратқа кіріп, екіншісі қаша бастаған.