Оқиға • 26 Сәуір, 2024

Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні кешке 17-шағын ауданда болған. Төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Куәгерлер түсірген фото

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 сәуірде, шамамен 18:00-де 17-шағын аудандағы «Дукат» тұрғын үй кешенінде болған.

Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

«Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.