Қылмыс • 26 Сәуір, 2024

Ақмола тұрғындарының 62 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының полиция қызметкерлері тұрғындардың қомақты қаржысын иемденіп кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола тұрғындарының 62 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, 16 сәуірде Астана қаласының тұрғыны Қосшы қаласының полиция бөліміне алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Шағымданушының айтуынша, биыл наурыз айында WhatsApp мессенджерінің чатында бейтаныс әйел бағалы ыдыс пен жиһазды төмен бағада сатуды сылтауратып, оның 400 мың теңгесін иемденіп кеткен.

Күдікті жедел-іздестіру шараларының барысында анықталды. Ол ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша бұрын жауапкершілікке тартылған Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

«Полиция бөлімі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алаяқтан зардап шеккен тағы 32 адам полицияға жүгінді. Залалдың жалпы сомасы 62 млн теңгені құрады», делінген хабарламада.