Ауа райы • 27 Сәуір, 2024

Қатты жауын-шашын, үсік: 28 сәуірде ауа райы қандай болады?

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер ертең елімізде қатты жауын-шашын болып, ауа райы күрт төмендейтінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатты жауын-шашын, үсік: 28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Фото: news.myseldon.com

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

«Еліміздің батысына, шығысында, орталығында антициклон  әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу сипаты басым, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанады. Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында -2°С суық болады», деп болжады мамандар.