Аймақтар • 28 Сәуір, 2024

Лифтте әйелін ұрған ақтаулық жазаланады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 сәуір күні Ақтау қаласының тұрғыны әйелін лифтте соққыға жыққан. Оның заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Лифтте әйелін ұрған ақтаулық жазаланады

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Ақтау қаласындағы 4 ықшам ауданындағы №7-ші үйде болған.

Бейнежазбадан ер адамның әйелді жұдырықтап, аяқпен тепкілегенін көруге болады.

Қалалық полиция басқармасы ер адамның жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады. 

«Ер адам әйелге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, заңсыз әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді»,  деп хабарлады Ақтау қалалық полиция басқармасы.