Саясат • 30 Сәуір, 2024

Міндет – барлық келісімді жүзеге асыру

26 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанаға Сингапур Рес­пуб­ликасы Парла­менті­нің спикері Сеа Киань Пэн рес­ми сапармен келді. Мәжі­лісте мейманды Палата төрағасы Ерлан Қошанов қабылдады.

Міндет – барлық келісімді жүзеге асыру

Кездесуде Мәжіліс төрағасы Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Сеа Киань Пэн мырзаның бұл сапары Қазақстан-Сингапур қа­ты­настарын жан-жақты ны­ғай­туға және кеңейтуге зор сер­пін беріп, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

– Биыл Қазақстан мен Син­га­пур арасында дипломатиялық қа­рым-қатынас орнағанына 31 жыл толды. Осы уақыт ішінде сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапурдың бұрынғы басшысы Халима Якобтың былтырғы Қазақстанға жасаған ресми сапары кезіндегі кездесуі септігін тигізді. Парламентарийлер ретінде біздің міндетіміз – көшбасшыларымыз қол жеткізген барлық келісімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау, – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов әріптесіне Қазақ­станда Мемлекет басшысы­ның бастамасымен болып жатқан өзгерістер туралы айтып берді. Осы орайда Сингапур мен Қазақстанның ішкі саяси бағы­тының ұқсастығына назар аударды. Атап айтқанда, Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев басшы­лыққа алатан «әртүрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт» қағидатының мызғымастығына мән берді.

Сингапур Парламентінің спикері екі ел ынтымақтастығын дамытудағы болашағы зор салалардың қатарында экономика, білім беру мен денсаулық сақтауды атап өтті. Сеа Киань Пэн Сингапурдың даму жылдарында жиған құнды тәжірибелерімен Қазақстанмен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Мәртебелі мейман Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформаларын жоғары бағалады.

– Бұл стратегия Әділетті Қазақ­стан, прогрессивті мемлекет құруға және халықтың мүм­кіндіктерін арттыруға бағыт­талған. Түрлі өзгеріс­терге, инно­вацияларға бейім­­делу, реформалар қабыл­дау – дамыған ұлт­тың өзегі. Бірақ одан да ма­ңыз­дысы – халық­тың жауап­кер­шілігі мен жасам­паздығы. Осы құндылық­тар әлеуметтік әділдікті қалыптастырудың негізінде жатыр, – деді Сеа Киань Пэн.

Кездесу соңында тарап­тар парламентаралық ынтымақ­тас­тықты, соның ішінде достық топтары арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға келісті.