Талбесік • 30 Сәуір, 2024

Туған қаласына ағаш сыйлады

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жаппай ағаш отыр­ғызу акциясына мем­лекеттік ор­гандар қыз­мет­керлері, об­лыстық және қалалық мәс­­лихат депутаттары, кә­сіпкерлер, ЖОО оқы­ту­шылары мен студ­ент­тері, ірі кәсіп­орын­дар ұжы­мы қа­тысып, бір күнде 7 мың кө­шет екті.

Туған қаласына ағаш сыйлады

«Жасыл ел» жастар еңбек жаса­ғының мүшелері «Туған қа­лаңа ағаш сыйла!» акциясы аясында «Триатлон» саябағында 60 жас терек отырғызса, «Ана­ға тағзым» орталығының айналасына құрылыс компаниялары 25 шырша, Алтын орда шағын ауданындағы Мұстафа Шоқай және Халел Досмұхамедов атындағы көшелердің бойына облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің қызмет­кер­лері 650 тұт ағашын отыр­ғызды.

Сенбілік жексенбіде де жалға­сып, облыстық соттың судья­лары мен департамент қыз­меткерлері ғимарат жанындағы гүлбақтарды қоқыстан тазартып, арық-атыздарды ретке келтірді. Бұл күндері аудан тұр­ғындары да көгалдандыру жұ­мыстарына ерекше ынтамен кірісті. Мәсе­лен, Шалқар ауданының орта­лығында 20 гектар аумаққа ағаш кө­шеттері отырғызылып, Екінші дүние­жүзілік соғыстың май­дан­гері І.Үргенішбаев ес­керт­кішінің айналасы абаттандырылды. Қобда аудандық ардагер­лер кеңесінің мүшелері ағаш отыр­ғызу акциясында жастар­ға үлгі болды. Ақтөбелік дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлері ауруханалар мен емдеу мекемелерінің ауласына 1 500 көшет отырғызды. Жалпы, сәуірдің соңғы онкүндігінен бері Ақтөбе қаласындағы көпірлер, белгілер, қоршаулар, аялдамалар, ескерткіштер шаң-қоқыстан тазартылып, жуылды.

 

Ақтөбе облысы