Ең қысқа әңгіме • 01 Мамыр, 2024

«Жас жұбайлар жыры» қалай дүниге келген?

4476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сендерге әрдайым орын бар, ақ отау төріне қоныңдар», деген игі тілектер айтылатын бұл әннің тарихы бөлек.

«Жас жұбайлар жыры» қалай дүниге келген?

Сазгер Бекжігіт Сердәлі студент ша­ғында Құлтөлеу досының үйлену тойына пойызбен жолға шығады. Той өтетін мекенге жақындаған сайын жас жұбайларға қандай сый тартатынын уайымдай бас­тайды. Өйткені отау құрып жатқан Құлтөлеу де, Райхан да – сазгердің курстасы. Сондықтан Бекжігіт ерекше сыйлық жасау керек деп ойлайды. Бір кезде жол бойы дастарқанға айналған «Лениншiл жастағы» екi шумақ өлеңге көзі түседі.

«Газет бетіндегі әлгi екi шумақты әуенге салып, айтып көрiп едiм, әп-әдемi ән шыға келдi. Сосын «Жас жұбайлар» деп атау таңдадым», дейді сазгер.

Ал әннің сөзін жазған Өтеген Оралбаевпен сазгер тек екі жыл өткен соң, 1986 жылы танысқан екен.