Ауа райы • 01 Мамыр, 2024

Найзағай, жел, үсік: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай, жел, үсік: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: qaz.ulysmedia.kz

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-да өткен брифинг барысында жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ететінін, оған байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауатынын айтты. 

«Республикамыз бойынша күн райы бұзылады, атап айтқанда, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман болады деп болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді», деді спикер.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының  батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды,  Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

2024 жылғы 1-2 мамыр аралығында  қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Сондай-ақ Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.