![Бразилияда 50-ден астам адам су тасқынынан қайтыс болды](/media/2024/05/05/crop-127_653_574x1080_img_6240.png)
Фото: Diego Vara/REUTERS
Бразилияның азаматтық қорғаныс қызметі елдің оңтүстігінде нөсер жаңбырдан туындаған қатты су тасқынынан зардап шеккендердің саны 56-ға жеткенін және тағы 67 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.
Апаттың себебі - қатты жаңбыр салдарынан Рио-Гранде-ду-Сул штатындағы өзен деңгейінің күрт көтерілуі. Штат губернаторы Эдуард Лейте су тасқынын осы аймақтың тарихындағы «ең ауыр апат» деп атады.
Губернатордың айтуынша, су тасқыны елдің ең ірі қалаларының бірі - 1,5 миллион халқы бар Порту-Алегреге қауіп төндіріп тұр. Билік қаланың алғашқы кварталдарын эвакуациялауға бұйрық берді.
«Осы уақытқа дейін көрген барлық нәрсені ұмытыңыз, жағдай әлдеқайда нашар болады», деді Лейте.