Мереке • 09 Мамыр, 2024

Қаһармандықтың рәмізі мен қасиеті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіс күні – еліміздегі әрбір жан үшін маңызы зор қастерлі күн. Өйткені әр отандасымыздың отбасынан майдан даласында фашизммен күресіп, бейбітшілік заманын жақындатуға атсалысқандар да, тылда еңбек етіп, жеңіске жетуге өз үлесін қосқандар да табылады. Бұл қастерлі күн – халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының рәмізі.

Қаһармандықтың рәмізі мен қасиеті

Фото: massaget.kz

Соғыс құрбандарының рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсету – ұрпақ­қа парыз. Олардың майдандағы ерлігі мен тылдағы еңбегі туған елге деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың жарқын үлгісі болды. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпау – баршамыздың қасиетті борышымыз.

Сұрапыл соғыс аяқталғалы бері сексен жылға тақау уақыт өтсе де, сол Жеңістің жылуы, батырлары­мыздың ерен ерлігі бүгінгі ұрпақтың да жүрегіне қуаныш, жүзіне шаттық, бойына жігер ұялатып келеді. Өйткені біз – бейбітшіліктің қадірін ұғынған ұрпақпыз.