Аймақтар • 10 Мамыр, 2024

Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысында Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр

Фото: ТЖМ

Атырау облысы Индер ауданы Индербор елді мекені тұсында Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Елді мекенді тасқын суынан қорғау мақсатында Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бөгетті нығайтып жатыр. Бұл іске 80 адам жұмылдырылған.

Өзендегі су деңгейінің көтерілуіне қолайсыз ауа райы да әсер еткен.