Қоғам • 10 Мамыр, 2024

Әйелдерге арналған вагондарға сұраныс 2 есе артқан

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде әйелдер вагондарын таңдайтын жолаушылар саны 2 есе артты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

Әйелдерге арналған вагондарға сұраныс 2 есе артқан

фото: aikyn.kz

«Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонымен» жүрді. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 2 есеге көп. 2023 жылы әйелдер вагонын 34 мыңнан астам әйел пайдаланған. 2021 жылы қызмет енгеннен бастап 359 мыңнан астам әйел осындай вагонмен сапарлаған», деп хабарлады компания. 

Бүгінгі таңда 8 жолаушылар пойызында әйелдер мінетін вагондар бар. Олар:
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат бар. 

Соңғы жаңалықтар

Ең қиын есеп шешімін табады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Кофе жасартады

Таным • Бүгін, 08:30

Астанада – әлем кубогі

Бокс • Бүгін, 08:25

3 тұрғыны бар мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сөз қазынасын зерделеген

Тұлға • Бүгін, 08:15