Хоккей • 13 Мамыр, 2024

Екінші тартыста есе жіберді

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияның Прага мен Острава қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталды. Элиталық дивизионда сынға түсіп жатқан жерлестеріміз әзірге «В» тобында 3 ұпай олжалады.

Екінші тартыста есе жіберді

Жігіттер әлем чем­пио­натының ал­ғаш­қы матчын Фран­­ция құрамасына қарсы өт­кізіп, 1:3 есебімен ұтты. Тар­тысты ойынның 2-минутында Энцо Кантагалло құрамасын алға шығарған, арада бір минут өткенде Роман Стар­ченко есепті теңестірді, 7-минутта Мак­­сим Мұхаметов жеңісті жа­қындата түссе, 37-минутта Кирилл Савицкий үшін­ші шайбаны тоғытты. Өкінішке қарай, Ғалым Мәмбетәлиев баптайтын ұлттық құрама екінші ойынды Словакия құрамасына қарсы өткізіп, 6:2 есебімен есе жіберді. Алғашқы матчта Гер­мания ұлттық құрамасынан ұтыл­­ғандықтан да, жеңіске жетуге ұм­тылған словакиялықтар қорғаныстағы ойыншыларымызды әбден діңкелетті. 11-минутта Поспишил есеп ашса, Фашко-Рудаш 12-минутта жеңісті еселеп берді. 18-минутта Сукель үшінші шайбаны тоғыт­қанда ғана біздің жігіттер ес жия бастады. 23-минутта Әли­хан Әсетов есеп айыр­масын қысқартқанымен, 28-минутта Гудачек төртінші шайбаны, 41-минутта Поспишил бесінші шай­баны соқты. 45-минутта Цингел алтыншы шайбаны еншісіне жазды. 51-минутта Әли­хан Өмірбековтің соққан екінші шайбасы жерлестерімізді жігерлендіре алмады. Словакия құрамасымен бұған дейін де жолымыз бірнеше мәрте түйіскен. Көк мұз үстіндегі тартыстың басым көпшілігі Словакия хок­кейшілерінің жеңісімен аяқталды. Бұл жолы да оларға жігіт­тердің қауқары жетпеді.

Жерлестеріміз өз тобында енді Латвия, Швеция, Германия, АҚШ, Польша ұлттық құрама­ларымен де күш сынасады.