Ауа райы • 14 Мамыр, 2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 14 мамырда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: bestnews.kz

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағы арқылы жылжып, елімізде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Тек елдің батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте және орталықта екпінді жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түнде Қостанайдың солтүстігінде, Ақтөбенің солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның батысында  2 градус аяз күтіледі. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Қостанай облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Қызылорда облысының Қазалы ауданында, батысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024