Оқиға • 15 Мамыр, 2024

Петербордағы Ерханның ерлігі

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ерінің тұрпаты қашан да жәрдемге асық, мейірім етуге даяр, батыр болмысты болып келеді. Даласы шалқар, құс қанаты талар кең жеріміз бабалар айбынының айғағындай.

Петербордағы Ерханның ерлігі

10 мамыр күні Ресейдің мәдени астанасы  Санкт-Петербург қаласында жолаушылар автобусы Мойка өзеніне батып, үш адам ажал құшқаны мәлім. Осы бір төтенше жағдай кезінде ауыр апатқа тап болғандарды шұғыл құтқаруға ұмтылғандар ішінде жерлесіміз Ерхан Аханов та бар.

– Бірінші шынжырдан ұстап Дағыстан елінің азаматы төмен түсе бастады, соңы­нан мен ердім. Біз судың түбіне сырғығанда, автобус жүргізушісі есікті ашуға ұмтылды. Бірақ талпынғанымен түк те шықпаған соң, қасымдағы жігіт екеуіміз есікті ашып үлгергенімізде өзге жігіттер де көмекке жетті. Өзде­ріңіз білетіндей, біздің қазақ жігіттері көмек беруге әрқашан да­йын тұрады, – дейді Ерхан Аханов.

Ерхан халықтық құтқарушылармен бірге жүргізушіні, егде жастағы ер мен әйелді судан алып шығып, алғашқы меди­циналық көмек көрсеткен. Жерлесі­міз бұл ерлігін батырлық емес, кәдімгі азаматтық борышым деп есептейді.

Айта кетейік, осы оқиғадан соң «Құт­қарудағы ерлігі үшін» медальмен 15 азамат мара­пат­талған. Адам тағдыры үшін Поцелуев көпірінен мұзды суға секірген батырларға Санкт-Пе­тер­бор қаласының губернаторы Алек­сандр Беглов арнайы келіп салалық марапатты табыстады. Құтқарушылар арасындағы ең жасы – 25-тегі қазақ баласы Ерхан Аханов туралы Ресей Федерациясының бүкіл ақпарат құралдары жазды.